Жамбыл ауданында көктемгі дала жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр. Биыл аудан бойынша 314 мың гектар алқапқа егін егу көзделген. Қазірдің өзінде дәнді дақылдардың 47 пайызы, ал майлы дақылдардың 51 пайызы себілген. Аграрлық науқанның барысы туралы аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы Рүстем Дүйсенбеков мәлімдеді.
6-7 маусымға дейін аудан барлық егіс жұмыстарын аяқтауды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда мұнда негізгі басымдық егіс кешендеріне беріліп отыр. Биыл жұмысқа 90 егіс кешені тартылған. Оның басым бөлігі «Атамекен Агро» тобына қарайды. Жалпы, машина-трактор паркі көктемгі дала жұмыстарына 100 пайыз дайын.
СНХР: РҮСТЕМ ДҮЙСЕНБЕКОВ – ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ