Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында адам папилломасы вирусына қарсы вакцинация мәселесіне арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиында Солтүстік Қазақстан облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев адам папилломасы вирусының таралу жолдары, оның қауіптілігі және өңірде жүргізіліп жатқан вакцинация жұмыстары туралы айтты. Сондай-ақ спикер АПВ-ға қарсы екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігі халықаралық деңгейде дәлелденгенін атап өтті.

Бүгінде адам папилломасы вирусына қарсы вакцина әлемнің 140-қа жуық елінде қолданылып келеді. Мамандардың айтуынша, бұл екпе жатыр мойны обырының алдын алудың ең тиімді тәсілі саналады. Солтүстік Қазақстан облысында 11–13 жас аралығындағы қыздарға жоспарлы вакцинация жүргізілуде. Жыл басынан бері өңірде мыңға жуық профилактикалық екпе жасалып, вакцина алғандар арасында кері әсер тіркелмеген.

СНХР: ӘСЕТ ЖҰМАТАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ