Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында жаңа «Мемлекеттік қызмет туралы» заңды түсіндіруге арналған баспасөз конференциясы өтті. Жиын барысында мемлекеттік қызмет жүйесін жаңғыртуға бағытталған заңдағы негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен айтылды. Атап айтқанда, мемлекеттік аппараттың кәсібилігін арттыру, сервистік модельге көшу, кадрлық процестерді цифрландыру және мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктерін күшейту мәселелері сөз болды.

Жаңа заң аясында мемлекеттік қызметтің миссиясы айқындалып, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар күшейтіледі. Сонымен қатар цифрлық іріктеу жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қызметке қабылдау мерзімі қысқарады. Заңда ауыл әкімдерінің құқықтық мәртебесіне де ерекше назар аударылған. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер үшін қосымша әлеуметтік қолдау тетіктері қарастырылған.

СНХР: ДАРХАН ХАЙРУЛЛИН, СҚО бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы