Қызылжар ауданының орталығы Бескөлдегі №2 орта мектепте соңғы қоңырау салтанаты өтті. Іс-Шараға аудан әкімі Бейбіт Исманов қатысып, түлектерге сәт сапар тілеп, ел ертеңі білімді жас ұрпақтың қолында екенін атап өтті.
Бүгінде 500-ден астам оқушы білім алып жатқан білім ордасынан биыл 36 түлек қанат қақпақ. Салтанатты жиында озат оқушылар марапатталып, мектептің қоғамдық өміріне белсенді атсалысқан шәкірттерге алғыс хаттар табысталды.
СНХР: БОТАГӨЗ БАТАНОВА, №2 БЕСКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Биылғы түлектер арасында ерекше жетістіктерімен көзге түскен жастар аз емес. Солардың бірі — Алтын белгіге үміткер Диана Сағындықова. Бұған дейін оның ағасы Даниял Сағындықов жоғары оқу орнының грантын жеңіп алған болатын. Енді қарындасы да үздік нәтижемен мектеп тәмамдап, отбасы абыройын асқақтатуда.
СНХР: ДИАНА САҒЫНДЫҚОВА, ТҮЛЕК, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ
Жалпы аталмыш мектеп 40-қа жуық ерекше білімді қажет ететін оқушы білім алып, аудан бойынша инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын бірегей оқу ордасы саналады. Айта кетейік, Оқу жылының аяқталуына орай, 25 мамыр күні облыстың барлық мектептерінде «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары!» атты бірыңғай сынып сағаттары өтеді.