Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Дағдарыс орталығында «СҚО-дағы су тасқыны бойынша жедел жағдай» тақырыбында брифинг өтті. Мамандар өңірдегі ахуал мен атқарылып жатқан алдын алу шаралары туралы баяндады.

СҚО-дағы су тасқыны бойынша жедел жағдайы тұрақты бақылауда. Барлық күштер дайындық режимінде, 20 наурызда Уәлиханов ауданының Қулыкөл және Қаратал елді мекендеріне алдын ала жасақ жіберілген. Сонымен қатар Алматы облысынан ТЖМ-нің әскери бөлімі келіп, қорғаныс бөгеттерін нығайту және инертті материалдар дайындау жұмыстарын жүргізуде.

СНХР: ӘСЕТ ШАЙКИН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Сонымен қатар, облыс өзендерінде кішігірім ойықтар пайда болып, су деңгейі біртіндеп көтеріле бастаған. Мамандардың айтуынша, бұл ауа температурасының күрт жылынуымен байланысты. Осыған байланысты, ТЖ департаментінде арнайы штаб жұмыс істеп, полиция мен жол қызметтері қатысып, жағдайды тұрақты бақылауда ұсталып отыр.

СНХР: ӘСЕТ ШАЙКИН, СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ

Сонымен қатар, мамандар қала маңындағы елді мекендерге қауіп жоқ екенін атап өтті.