Петропавл қаласындағы №17 ұлттық жаңғыру мектеп кешенінде орналасқан №596 референдум учаскесінде де тұрғындар өз таңдауларын жасап жатыр. Бұл учаскеге екі мыңға жуық азамат тіркелген.
№596 Референдум учаскесінде дауыс беру процесі регламентке сәйкес өтіп жатыр. Учаскелік комиссия мүшелері өз жұмыстарына тыңғылықты кіріскен, дауыс беру барысында ешбір заңбұзушылық тіркелмеген.
ЖАҚСЫЛЫҚ ЕСЕНҒАЛИЕВА, №596 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
Қала тұрғыны Жанат Әлібеков бүгін дауыс беруге арнайы келгенін айтады. Оның сөзінше, бұл – елдің болашағы мен кейінгі ұрпақтың тағдыры үшін маңызды қадам. Сондықтан әрбір азамат өз таңдауын жасап, дауыс беруі қажет деп санайды.
ЖАНАТ ӘЛІБЕКОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
№596 референдум учаскесінде 9 комиссия мүшесі жұмыс істеп жатыр. Ал 17 азамат үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланады.