Көпсалалы облыстық ауруханада донорлық жүйесінің жұмыс тәртібін түсіндіруге арналған семинар ұйымдастырылды. Іс-шараға арнайы Астанадан Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты Трансплантацияны үйлестіру жөніндегі республикалық орталықтың мамандары келді. Кездесу барысында медицина қызметкерлеріне донорлықты ұйымдастырудың тәсілдері, ықтимал донорларды анықтау жолдары және трансплантация кезінде медициналық мекемелер арасындағы өзара әрекет туралы кеңінен түсіндірілді.

Жиын барысында дәрігерлерге ағза донорлығы саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ықтимал донор анықталған жағдайда қандай қадамдар жасалуы керектігі талқыланды. Мамандардың айтуынша, барлық кезеңдерді нақты әрі жүйелі орындау трансплантацияның нәтижелі болуына ықпал етіп, көптеген науқастың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

ӘДІЛХАН ҚАБУОВ – КӨПСАЛАЛЫ ОБЛЫСТЫҚ АУРУХАНАНЫҢ ӨҢІРЛІК ТРАНСПЛАНТАЦИЯЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ

Сонымен қатар, семинар аясында қатысушыларға донорлықтың құқықтық және медициналық қырлары, ми өлімін анықтау тәртібі, сондай-ақ медициналық ұйымдар мен трансплантациялық орталықтардың өзара байланыс алгоритмі жан-жақты баяндалды. Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан бойынша 40 донорлық аурухана жұмыс істейді.

ҚАЙРАТ ИМАНБАЕВ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІНІҢ ДОНОРЛЫҚ АҒЗАЛАРДЫ ТРАНСПЛАНТТАУ ЖӘНЕ АЛЛОКАЦИЯЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ҮЙЛЕСТІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Мұндай семинарлар өңірлерде жүйелі түрде өткізіліп келеді. Дәрігерлердің айтуынша, тәжірибе алмасу мен кәсіби білімді жетілдіру донорлық пен трансплантация саласының дамуына оң әсер етеді.