Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданының Бескөл ауылында орналасқан №322 референдум учаскесінде тұрғындар саяси науқанға қытысып, өз азамттық ұстанымдарын білдіруде. Учаскеде барлық жағдай жасалған.
Қызылжар ауданының 322 референдум учаскесінде 925 азамат тіркелген. Таңертеңнен бастап тұрғындар келіп, дауыс беріп жатыр. Уақыт әлі ерте болғанына қарамастан, учаскеге келіп өз таңдауларын жасағандардың саны аз емес.
ДАРЬЯ ПРИЛУЦКАЯ – №322 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Бүгін таңертең дауыс бергендердің бірі – Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Владимир Бубенко. Ол референдум – ел болашағына әсер ететін маңызды қадам екенін атап өтті.
ВЛАДИМИР БУБЕНКО – СҚО МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Айта кетейік, референдум учаскелері кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында тұрғындар өз учаскелеріне келіп, ел дамуына қатысты таңдау жасауға мүмкіндік алады.