Бүгін елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша жалпыхалықтық референдум өтуде. Солтүстік Қазақстан облысында да тұрғындар белсенді түрде дауыс беріп жатыр.

Нөмірі 586-республикалық референдум учаскесінде 1200-ден астам азамат тіркелген. Комиссия мүшелерінің айтуынша, мұнда 22 азамат алғаш рет дауыс береді. Жалпы учаскеде дауыс беру процесін жеті комиссия мүшесі ұйымдастырып отыр.

ӘСЕЛ ШАЙХИСЛЯМОВА – №586 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ

Таңғы уақыттан бері тұрғындар дауыс беру орнына ағылып келуде. Азаматтар ел болашағына қатысты өз таңдауларын жасап, айтулы күннің маңыздылығын атап өтіп, пікірлерін білдірді.

Айта кетейік, Дауыс беру процесін бақылаушылар қадағалайды. Барлығы 13 адам тіркеуден өтті. Күні бойы олар бір-бірін алмастырып отырады.