Солтүстік Қазақстан облысында бүгін 596 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Соның бірі Петропавлдағы Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы ғимаратында орналасқан 595-ші референдум учаскесі. Бұл учаскеде облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен қала әкімі Серік Мұхамедиев те өз дауыстарын берді.
Зкт: 595-ші учаскеге өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов және Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев отбасымен бірге келіп, өз таңдауларын жасады. Олар жаңа Конституция елдің демократиялық дамуына бағыт беретініне сенім білдірді.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ:
Учаскелік референдум комиссиясы мүшелері дауыс беру процесінің ашық әрі заңға сай өтіп жатқанын айтады. Әрбір сайлаушыны тіркеу, бюллетень беру, кабиналарға бағыттау барлығы жүйелі ұйымдастырылған. Комиссия өкілдерінің сөзінше, тұрғындардың белсенділігі жоғары.
ҚАНАТ САДУАҚАС, №595 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Бұл учаскеде алғаш рет дауыс беретін 23 тұрғын бар. Олар үшін арнайы естелік сыйлықтар дайындалған.
САБИНА САЛТЫКОВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындар үшін референдум учаскесінде төмендетілген бағамен тұрақтандыру қоры шамамен 10 түрлі өнім ұсынды.