Өңірде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өз деңгейінде өтіп жатыр. Азаматтар Конституция жобасына қатысты өз таңдауын жасап, елдің болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетуде. Учаскелерде үш мыңнан астам комиссия мүшесі қызмет атқаруда. Біздің түсірілім тобы да осы маңызды күннің барысын бақылау үшін елді мекендердің бірінде өтіп жатқан референдум учаскесіне барып қайтты.
Қызылжар ауданы Вагулина ауылында орналасақан №278 референдум учаскесінде тұрғындар жақсы көңіл күймен келіп өз таңдауын жасап жатыр. Жергілікті учаскелік референдум комиссиясының мүшелері өз міндеттерін ұйымдасқан түрде атқаруда. Олар келушілердің құжаттарын тексеріп, тізім бойынша бюллетеньдерін табыстап жатыр.
ЛЮДМИЛА ТЕРЕХОВА, №278 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
Вагулино ауылында 40 жылдан бері тұрып келе жатқан жергілікті тұрғындардың бірі бүгін дауыс беруге арнайы келді. Жалпы байқағанымыздай, референдум учаскесіндегі ең белсенді сайлаушылардың қатарында зейнеткерлер көп.
АЛМА ШАШТАУЛЕТОВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Айта кеткен жөн, қазақстандықтар кешкі сағат 20:00-ге дейін бекітілген референдум учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасай алады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін комиссия мүшелері бюллетеньдерді санауға кіріседі.