Петропавлда оқушылар антына адал, ісіне мықты полиция майоры Дарина Білденовамен кездесті. Полиция инспекторы оқушыларға қызметі жайындап баяндап, оқушыларды қызықтырған сұрақтарына жауап берді.

Петропавл қаласындағы №17 Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің алтыншы сынып оқушылары Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкері Дарина Білденовамен кездесті. Полиция инспекторы оқушыларға қызметке қалай келгенін, биік белестерді қалай бағындыруға болатындығын айтты.

Биыл Дарина Дубай қаласында өткен арнайы бөлімшелердің халықаралық UAE SWAT Challenge жарысында Қазақстанның «Tomiris» әйелдер құрамасының сапында өнер көрсетіп, жеңіске үлес қосты. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ол «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен наградталды. Сонымен қатар оған мерзімінен бұрын полиция майоры арнайы атағы берілді. Оқушылар Даринының беделді жарыстар туралы әңгімесін қызығушылықпен тыңдады.

Кездесуде 2025 жылдың мамыр айында ашылған құқық қорғау бағытындағы «Жас сақшы» сыныбының оқушылары да болды. Бұл сыныпта Заң мен Тәртіпті қорғау жолында қызмет етуге дайындалып жүрген ұлдар мен қыздар білім алады.

Ләззат Жолмұқанова — №17 Ұлттық жаңғыру мектеп-кешенінің директоры

Даринының балалық шағында оқушылармен жұмыс істейтін «полиция сыныптары» болмаған. Оған құқық қорғау саласында қызмет еткен әкесі шабыт берген.

Дарина Білденова — СҚО ПД инспекторы

Осындай кездесулер оқушыларға полиция қызметі туралы көбірек білуге және, мүмкін, болашақ мамандығын таңдауға көмектеседі.