Петропавл қаласындағы №591 референдум учаскесінде тұрғындар өз азаматтық ұстанымдарын білдіріп дауыс беріп жатыр. Саяси науқан барысында экзит -пол өкілдері сауалнама жүргізіп, қоғам пікірінің алдын ала болжамын анықтауға кіріскен. Экзит-пол толық анонимді түрде жүргізіледі.
№591 референдум учаскесінде 2,5 мыңға жуық азамат тіркелген. Таңғы уақыттан бастап тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасап жатыр. Дауыс бергендердің қатарында Сәлімхан Сәбитов та бар. Оның айтуынша, мұндай маңызды саяси науқанға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі.
СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
№591 референдум учаскесінде экзит -пол өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр. Сауалнаманың негізгі мақсаты – референдумға қатысты қоғам пікірінің алдын ала болжамын анықтау. Экзит-пол толық анонимді түрде жүргізіледі, әрбір қатысушыға жеке деректерін жарияламай, өз пікірін еркін білдіруге мүмкіндік беріледі.
ГҮЛЗАТ ТОҚСАНБАЕВА, ИНТЕРВЬЮЕР
Саяси науқан күні учаске жанында тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Мұнда ұн, май, күріш, қарақұмық сияқты күнделікті тұтынатын тауарлар қолжетімді бағамен сатылымға шығарылды.