Референдумның ашықтығын бақылауға келгендер қатарында ((КСМ)) ТМД-ның байқаушылар миссиясы, ТМД Парламентаралық ассамблеясының байқаушылар тобы, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының миссиясы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының байқаушылар миссиясы, Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық байқау миссиясы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және бірқатар басқа халықаралық құрылымдардың өкілдері бар.