Елімізде жаңа Конституция жобасы қоғамда кеңінен талқыланып жатыр. Құжатта азаматтардың құқықтарын қорғау, отбасы құндылықтарын нығайту, сондай-ақ білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне ерекше мән берілген. Уәлиханов ауданының тұрғындары Басты құжаттағы жаңа нормаларға өз азаматтық пікірлерін білдіруде.
Ата заңның жаңа жобасында отбасы институтын қолдауға ерекше назар аударылған. Әсіресе балалардың құқығын қорғау, көпбалалы отбасыларды қолдау және әлеуметтік кепілдіктерді күшейту мәселелері қамтылған. Сонымен қатар, жаңа редакцияда білім, ғылым және инновацияны дамыту – ел болашағының маңызды бағыты ретінде қарастырылған. Мамандардың айтуынша, бұл бастамалар қоғамдағы отбасы құндылықтарын нығайтып, азаматтардың әлеуметтік қорғалуын арттыруға бағытталған.
ҒАЛИЯ АЛИНОВА, КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСШІ, №2 КІШКЕНЕКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІ
АҚБИДАЙ ӨТЕЛБАЕВА, №1 КІШКЕНЕКӨЛ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ТАРИХ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ