Креатив орталығындағы SKO Hub аймақтық хабында Digital Kazakhstan бағдарламасы аясында «Digital Kazakhstan Battle» шарасы өтті. Іс-шараға өңірдің жас IT-мамандары жиналды. Жартылай финалға 6 қатысушы жолдама алып, өз жобаларын қазылар алқасына таныстырды. Қазылар құрамында әлемдік деңгейдегі топ-спикерлер.

2026 жыл Қазақстанда жасанды интеллектті цифрландыру жылы болып жарияланды. Осыған орай ұйымдастырылған бұл баттлдың негізгі мақсаты жасанды интеллект технологияларын қолданатын стартаптарды дамыту, олардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру және жастардың инновациялық жобаларын қолдау.

МИЛАН АЛКЕШЕВ, SKO HUB МЕНЕДЖЕРІ:

Қатысушылардың бірі - Ерболат Алпысбаев. Ол 2025 жылы мұғалімдерді қолдауға бағытталған, жасанды интеллект арқылы ұстаздардың жұмысын жеңілдететін білім беру платформасын әзірлеген. Қысқа уақыт ішінде оның жобасына Қазақстанның әр өңірінен 500-ден астам педагог қосылған.

ЕРБОЛАТ АЛПЫСБАЕВ, ҚАТЫСУШЫ

Республикалық финалда үздік үш жоба анықталады. Бірінші орынға 10 миллион теңге, екінші орынға 5 миллион теңге, үшінші орынға 3 миллион теңге сыйақы белгіленген. Сонымен қатар көрермендер көзайымы атанған қатысушыға 1 миллион теңге табысталады. Іс-шара өңірлік стартап экожүйесін қолдап, жас инноваторлардың дамуына жаңа мүмкіндік берді.