Солтүстік Қазақстан облысында референдум ашық әрі заң талаптарына сай өтіп жатыр. Өңір тұрғындары өз учаскелеріне келіп, ел болашағына қатысты таңдау жасауда. Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінде 2 учаске орналасқан, солардың бірі №667 референдум учаскесінде барлығы 1438 азамат тіркелген. 

Бүгінге №667 референдум учаскесінде ешқандай заң бұзушылық тіркелмеген. Дауыс беру үдерісі ашық әрі әділ түрде өтуде. Әрбір учаскеде арнайы байқаушылар тағайындалған. Олар дауыс беру барысын бақылап, заң талаптарының сақталуын қадағалайды.

МАРЖАН ТҰРСЫНҒАЛИЕВА – №667 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ БАЙҚАУШЫСЫ

№667 референдум учаскесінде дауыс бергендердің қатарында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қарлығаш Рамазанова да бар. Ол референдумға қатысу әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін көрсететін маңызды қадам екенін атап өтті.

ҚАРЛЫҒАШ РАМАЗАНОВА – СҚО ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Саяси науқанға орай бүгін қалада тұрғындар қоғамдық көліктерде тегін қатынауда. Биылғы референдум Наурызнаманың онкүндігімен тұспа-тұс келіп, бүгін Қайырымдылық күні де аталып өтуде.