Ұстаздық – қоғамдағы ең жауапты мамандықтардың бірі. Себебі елдің болашағы – білімді ұрпақ тәрбиелеумен тікелей байланысты. Осы бағытта еңбек етіп жүрген жандардың бірі – Хамдия Валиева. Ол Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында жұмыс істейді. 

Уәлиханов ауданындағы Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында бүгінде 42 педагог еңбек етіп келеді. Солардың бірі – 37 жылдық тәжірибесі бар математика пәнінің мұғалімі Хамдия Валиева. Ұзақ жылдар бойы шәкірт тәрбиелеп келе жатқан ұстаздың айтуынша, мұғалім болу – оның мектеп кезінен бергі арманы болған.

ХАМДИЯ ВАЛИЕВА – КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Осы уақыт аралығында ол төрт рет сынып жетекшілік міндетін атқарған. Ұстаздың шәкірттері түрлі олимпиадалар мен білім сайыстарында жүлделі орындарға ие болып келеді. Сонымен қоса, өзі де білім саласына қосқан үлесі мен ұзақ жылғы еңбегі үшін көптеген марапаттарға ие болған.

ХАМДИЯ ВАЛИЕВА – КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Сонымен қатар, ұлағатты ұстаз білім беру мәселесінің жаңа Конституция жобасында маңызды орын алатынын атап өтті. Оның пірінше, елдегі білім сапасын арттыруға бағытталған бастамалар болашақ ұрпақ үшін аса маңызды, сондықтан мұндай өзгерістерді қолдау – әр азаматтың жауапкершілігі:

ХАМДИЯ ВАЛИЕВА – КІШКЕНЕКӨЛ ҚАЗАҚ МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Референдум – ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылданатын сәт. Сондықтан әр азаматтың таңдауы мемлекет дамуына ықпал етеді.