Конституцияның жаңа жобасында қазіргі цифрлық дәуір талаптары ескерілген. Банктік шоттар, телефондағы хаттар мен аудио-хабарламалар – енді бұлардың барлығы заң аясында қорғалатын цифрлық құпия саналады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдар сіз туралы қандай ақпаратты пайдаланып отыр? Мұны да арнайы базадан біліп отырасыз. Жеке сәйкестендіру нөмірі, мекенжай, телефон және өзге де деректерді кім, қашан қарағаны – бәрі көрсетіледі. Жауапты министрлік бұл қызметті егов сайтында немесе «жеке деректерге қол жеткізу журналы» деп аталатын порталда іске қосады.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 

АБЫЛАЙ АДАЙҰЛЫ, IT КОМПАНИЯНЫҢ БАСШЫСЫ