С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиевтің қатысуымен ашық есік күні өтті. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерді қала басшысына тікелей айтып, жауап ала алды.
Қала тұрғындары баспананың жағдайы, инженерлік желілердің тозуы, аулаларды абаттандыру сынды мәселелерді көтерді. Сергей және Галина Чернышевтар Комсомольская көшесі 94 мекенжайында, жыл сайын мүжіліп жатқан жағалау бойында тұрады. Жуырда үйлерінің шатыры опырылып түскен.
ГАЛИНА ЧЕРНЫШЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Қазір отбасы сот процесін бастады. Тексеру нәтижесінде олардың үйі орналасқан жер телімінің заңсыз рәсімделгені анықталған.
Береке шағынауданының тұрғыны Күләш Ботаева қаңғыбас иттердің көбейгеніне алаңдаулы. Айтуынша, олар аулаларда жиі кездесіп, тұрғындарға қауіп төндіруде. Зейнеткерді мазалайтын екінші мәселе Ибраева көшесі 77 мекенжайындағы аула жағдайы, нақтырақ айтқанда, балалар ойын алаңының жарамсыз күйі.
КҮЛӘШ БОТАЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Кездесу соңында барлық көтерілген мәселелер бақылауға алынды. Петропавл әкімі әрбір тұрғынның өтініші бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берілетінін атап өтті.