Бұл жобада ең басты мәселе – адам құқықтары мен бостандықтарын ең жоғары құндылық ретінде тану. Яғни мемлекет ең алдымен азаматтардың құқығын қорғауға басымдық береді. Бұл елдегі тұрақтылықты күшейтіп, халықаралық деңгейде сенімді арттырады. Сонымен бірге құжатта білім, ғылым және инновация салаларына ерекше мән берілген.

Бүгінде дамудың негізгі күші – білім мен технология. Сондықтан осы салаларды қолдау елдің болашағы үшін өте маңызды. Бұл бағыттың Конституцияда нақты көрсетілуі Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуға бет бұрғанын білдіреді. Нәтижесінде елдің экономикалық мүмкіндіктері артып, халықаралық байланыстары нығаяды.

ТАТЬЯНА ЧЕРЕЗДАНОВА, СМИРНОВ МЕКТЕП- ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ