Өткен жылы өңірде 88 ауылды орталықтандырылған сумен қамтитын 4 сорғы станциясы іске қосылды. 20-ға жуық қазандық жөнделді. Ал, биыл электр желілерін жаңғырту бағытында 5 жоба жалғасады. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының кеңейтілген алқа отырысында айтылды.

Облыстық әкімдікте энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының кеңейтілген алқа отырысы өтті. Аталған сала халықтың тұрмысына тікелей әсер етеді. Жиында электр, жылу және сумен жабдықтауға қатысты өзекті мәселелер көтерілді. Шара шымылдығын облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ашып, түйткілдерді тез арада шешу қажеттігін айтты.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

Алқалы жиында өткен жыл сараланып, алдағы уақытқа жоспар құрылды. Былтыр аталған салада ауқымды жұмыстар атқарылды. Дәлірек айтсақ, 88 ауылды орталықтандырылған сумен қамтитын 4 сорғы станциясы іске қосылды. 20-ға жуық қазандық жөнделді. Тұрғындарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету - негізгі міндеттердің бірі. Себебі, аймақта желілердің тозу көрсеткіші жоғары. Түйткілді шешу мақсатында биыл 5 жобаны жүзеге асыру жалғасады. Осы және өзге де ақпармен жаңадан тағайындалған өңірдің бас энергетигі Әлішер Беспаев бөлісті.

ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ, СҚО энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

Назар аударуды қажет ететін тағы бір жайт - жылу желілерінің талапқа сай келмеуі. Бүгінде аймақтағы құбырлар 66 пайызға тозған. Мәселеге мән беру қажет. Егер атүсті қарауды жалғастырсақ, қақаған қыста бармақ тістеп қалуымыз әбден мүмкін.

ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:

2026 жылы облыста электр, жылу және сумен жабдықтау бағытындағы мәселелерді шешу үшін 23 жоба жүзеге асырылады. Маңызды істерге 55 млрд теңгеден астам қаржы бөлінбек. Алқалы жиында "Таза Қазақстан" акциясы аясында атқарылған жұмыстар да қорытындыланды. 2025 жылы облыста сенбіліктерге 170 мыңнан астам адам қатысып, 72 мың тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, 195 мың көшет отырғызылып, 28 спорт алаңы салынды.