Коммуникация дағдылары, кадрда өзін еркін ұстау, сауатты сұрақ қою және медиялық мәтін дайындау мұның бәрін петропавлдық оқушылар енді М. Қозыбаев атындағы СҚ университетінде меңгере алады. «Журналистика және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасында журналист болуды қалайтын балаларға арналған арнайы медиа-үйірме ашылды. Жас тілшілер мұнда сұхбат алуды, ақпарат іздеуді, дерекпен жұмыс істеуді және маңызды оқиғалар туралы қарапайым да түсінікті тілмен әңгімелеуді үйренеді.
Журналистика саласы бойынша медиа үйірмені ашу бастамасын көтерген университеттің үшінші жыл қатарынан оқытушысы болып жұмыс істеп жүрген Павел Притолюк. Ол ұзақ уақыт бойы жоспарланған идея енді іс жүзінде жүзеге асқанын айтады.
ПАВЕЛ ПРИТОЛЮК, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚ УНИВЕРСИТЕТІ «ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР» КАФЕДРАСЫНЫҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ
Алғашқы сабақта оқушылар шығармашылық тапсырма орындады. Оларға түрлі сөздер мен тіркестер мифтік кейіпкерлерден бастап, әдеби образдарға дейін ұсынылды. Сол сөздерді жеке әңгімелеріне қатысты етіп, өздерін нағыз журналист ретінде ұстау керек болды. Оқытушылардың айтуынша, қазіргі балалар белсенді, бірақ жиі өз күшіне күмәнданады. Үйірме шеңберіндегі жұмыс олардың өзін көрсетуіне, ойын еркін жеткізуіне және сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
ГУЗАЛЬ МАСАБИРОВА, №12 ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ:
Жоба М. Қозыбаев атындағы СҚ университетінің кәсіби бағдар беру жұмысы аясында жүзеге асып жатыр. Мақсат оқушыларды ерте жастан журналистика саласымен таныстыру. Мұнда алған білімдері мен дағдылары болашақта шығармашылық мамандыққа түсуге және дұрыс кәсіби таңдау жасауға көмектесетіні анық.