Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында оқырман қауымға «Ұлттың ұлы тұлғалары» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Мақсаты өскелең жас ұрпақты Отанын сүюге, ел тарихында ерекше орны бар тұлғаларға құрмет көрсетуге, кітап оқуға шақыру.

Көрмеде еліміздің тарихында, әдебиет, ғылым, өнер саласында алатын орны ерекше, мерейтойлары аталып өтілетін тұлғаларының фотосуреттері, еңбектері ұсынылған. Атап айтқанда жыр алыбы Жамбылдың бірқатар кітаптары ұсынылған. Сонымен бірге қазақтың ағартушы-педагогы, жазушы Ы. Алтынсариннің, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің поэзия жинақтары, ол жайында жазылған «Феномен Олжаса» кітабы, жазушы Медеу Сәрсекенің деректі еңбектері қойылды.

ГҮЛНҰР БЕКІШ, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ БИБЛИОГРАФЫ

Сонымен қатар кітапхана қызметкерлері «Бір ел - бір кітап» республикалық акциясы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Қабдеш Жұмаділовтің «Тағдыр» романына арналған «Қабдештің көркем әлемі» кітап көрмесін ұйымдастырған. «Тағдыр» романы - қазақ халқының тағдыры, елдік пен еркіндік, халықтың басынан өткен тарихи оқиғаларды суреттейтін туынды.

ХАВДОЛЛА БЕЙСХАН, Ғ. МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР КІТАПХАНАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Көрме бір жыл бойы жұмыс істейді. Оқырмандар қызығушылық танытқан кітаптарын алып кез-келген кезде оқуларына болады. Жалпы кітапхана қорында 200 мыңнан астам кітап бар. Жылына екі рет кітап қоры толықтырылып отырады.