Жасанды интеллект жүйесі қазақстандықтардың күнделікті өмірінің ажырамас бір бөлшегіне айнала бастады. Оны меңгеру тек жастардың ғана емес аға буын өкілдерінің де қызығушылығын арттырып отыр. Оған қаламыздағы «Креатив LAB» шығармашылық орталығында өз жұмысын бастаған «ai Friends Club» клубы дәлел бола алады.

Аталмыш орталық жұмысы, қала тұрғындарын заманауи цифрлық құралдарды игеруге машықтандыруға бағытталған. Онда түрлі жастағы қызылжарлықтар нейрожелілерді іс жүзінде пайдалануды үйреніп, сол арқылы өз жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болып отыр.

ЕЛЕНА ИСАКОВА - «AI FRIENDS CLUB» БІРЛЕСКЕН АВТОРЫ

Клуб мақсаты- орталыққа келушілердің бір-бірлерімен өзара байланыстарын нығайтып, жасанды интеллектіні дамыту арқылы жаңа орта қалыптастыру. Сонда оқу процесі оңтайланып, жаңа идеялар мен тың жобалар пайда болады. Бұл өз кезегінде дәріс алушылардың жаңа жүйені толыққанды меңгерсем деген қызығушылығын оятары сөззсіз.

ЗУЛЬФИЯ ТУХВАТУЛЛИНА - «AI FRIENDS CLUB» БІРЛЕСКЕН АВТОРЫ 

Сонымен қатар, әр бейсенбіде шығармашылық орталық базасында барлық тілек білдірушілер үшін жаңа технологияларды зерделеу бойынша тегін практикалық сабақтар өткізіледі.