Қызылжар ауданының орталығы Бескөл ауылындағы «Жігер» серіктестігінің басшысы Қайырбек Нұралиннің күнделікті жұмысы гаражда тұрған меншігіндегі қоқыс шығаратын техникалардың дұрыс-бұрыстығын тексеруден басталады. Бұдан соң ол аудан орталығын таза ауызсумен қамтамасыз етіп отырған сорғы станциясындағы ахуалды бағамдайды. Бескөлдегі орталық жылыту қазандығының үздіксіз жұмыс істеуіне де аталмыш серіктестік жауапты. Сондықтан Қайырбек Елеусізұлы жоғарыда көрсетілген екі нысан секілді қазандықтағы жағдайды да күніне екі мәрте таңертең және кешкілік уақыттарда тексеріп шығады. Бүгінде жасы 73 ке аяқ басса да білікті басшының бұл дағдысы әлі қалмаған.

Қайырбек Елеусізұлы Нұралин 1953 жылы Қазіргі Есіл ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген. Елдегі мектепті тәмамдап бозбала шағында еңбекке араласып жұмыс істейді.

ҚАЙЫРБЕК НҰРАЛИН – КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ

Әскерден енді келген өрімдей жігіттің еңбек жолы Қызылжар ауданының топырағында басталады. Оның біразы тоқырауға дейінгі кезеңде түрлі салада өткен.

ҚАЙЫРБЕК НҰРАЛИН – КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ

Комуналық шаруашылық саласындағы еңбек жолы содан бері жалғасып келеді. Алайда аудан әкімдігіне қарасты «Жігер» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны таратылып, жол, су , кәріз жүйесіне жауапты мекеме болмай, бұл сала тұралай бастайды. Қайырбек Елеусізұлының бұл жағдай жанына батса керек, саланың құлдырауына тосқаул болар жол іздеп, 2016 жылғы ақпан айының ортасында «Жігер» серіктестігі құрады. Жекеменшік кәсіпорын бүгінде аудан орталығы халқын тіршілік көзімен 100 пайыз қамтып отыр.

ҚАЙЫРБЕК НҰРАЛИН – КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ 

Қайырбек Нұралин жетекшілік ететін серіктестік бүгінде Бескөлдегі орталық жылыту қазандығының жұмысына да тікелей жауапты. Себебі аудан орталығындағы барлық мемлекеттік коммуналдық мекемелер мен көпқабатты тұрғын үйлердің барлығы осы қазандық арқылы жылытылады.

ҚАЙЫРБЕК НҰРАЛИН – КӘСІПОРЫН БАСШЫСЫ 

Аудан орталығының тазалығын қадағалап, күл-қоқыс, қатты тұрмыстық қалдықтарды уақтылы шығару да «Жігер» серіктестігінің міндетіне кіреді. Мойындарына коммуналдық саланың бар ауыртпалығын алған жекеменшік кәсіпорын бүгінде 50 ге тарта адамды тұрақты еңбекпен қамтып отыр. Ал олардың басы -қасында, бүгінде жасы 73-ке аяқ басса да Қайырбек Елеусізұлы өзі бірге жүр. Өз кәсібіне деген сүйіспеншіліктің дәлелі бәлкім осы болар.