Жаңа Конституция – мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ететін, ел болашағына бағыт-бағдар беретін маңызды стратегиялық құжат болмақ.
Жаңа Конституиця жобасы - билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтіп, Парламент пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының рөлін арттырмақ. Сонымен қатар, азаматтардың мемлекеттік басқару процесіне қатысу мүмкіндігі кеңейіп, қоғамдық бақылау тетіктері жетілдіріледі. Бұл өзгерістер халықтың мемлекетке деген сенімін нығайтып, ашық әрі әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған. Конституциядағы жаңашылдықтар әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға, экономикалық дамуға қолайлы жағдай жасауға және құқық үстемдігін қамтамасыз етуге негіз болады. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастамалар Қазақстанның демократиялық дамуына серпін береді.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ