Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов Қазақстандағы Беларусь Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Алексей Богдановпен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты талқылады. Кездесу барысында агроөнеркәсіп саласындағы серіктестікті нығайту, тауар айналымын кеңейту және жаңа бірлескен бастамаларды іске қосу мәселелері қаралды.

Беларусьпен ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие болып, агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға ықпал етуі мүмкін екені атап өтілді. Арнайы назар тәжірибе алмасу, заманауи агротехнологияларды енгізу, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен асыл тұқымды малдарды жеткізу мүмкіндіктеріне аударылды. Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасарының айтуынша, биылғы жылы өңір мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 19 миллион долларды құрады.

МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СҚО ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ

Сапар барысында дипломатиялық өкіл Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен де кездесті. Тараптар малды тамақтандыру технологияларын әзірлеу және енгізу саласында, атап айтқанда олардың өнімділігін арттыратын өнімдерді жеткізу бойынша ынтымақтастықты бастады. Сондай-ақ ветеринарлық бақылау, яғни малдардың денсаулық мәселелері қаралды.

АЛЕКСЕЙ БОГДАНОВ, БЕЛАРУСЬ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ

Сондай-ақ елші Алексей Богданов биыл Қазақстаннан Беларуське экспорт көлемі 30%-ға артқанын атап өтті. Кездесудің соңында екі тарап серіктестік қатынастарды әрі қарай дамытуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін білдірді.