Бүгін Петропавл қаласының әкімі Серік Мұхамедиев активпен өткен кездесуде Конституциялық реформаны жүзеге асырудың басты назар аударылуы тиіс бағыттарын жариялады. Жиында депутаттар, бөлімдер және қала қызметтері басшылары, сондай‑ақ қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Петропавл қаласының әкімі елде ауқымды Конституциялық реформа жүргізіліп жатқанын хабарлады. Жаңа жоба елдің егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, ұлттық бірлікті дамытуға және қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған.
СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ
Кездесуге қатысушылар жаңа заң жобасында адамдардың дамуы, білім беру, ғылым мен инновацияның ел үшін маңызды бағыт ретінде қарастырылғанын атап өтті.
ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ҰЛТТЫҚ ӨРКЕНДЕУ ОРТА МЕКТЕП- КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Сонымен қатар, Конституцияны реформалау арқылы азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктері кеңейеді, жергілікті өзін-өзі басқарудың рөлі күшейеді, шешім қабылдау процесі ашық болып, мемлекеттік органдардың жауапкершілігі артады
ЖАНГЕЛДІ ТӘЖИН, ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Қаланың белсенді тұрғындары Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын қолдайтындарын білдіріп, оның елдің болашақ дамуы үшін маңызын атап өтті.