Петропавл қаласындағы ғимарат қабырғаларынан есірткіге қатысты граффитилер барлық дерлік жойылды, алайда қаладағы адам аз жүретін кейбір аумақтарда әлі де кездеседі.

Қауіпті жазуларды бояп өшіру бойынша кезекті акцияға полицейлер, еріктілер және облыстық полиция департаменті жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңес мүшелері шықты. Полиция қызметкерлері еріктілерге нұсқау беріп, Петропавл тұрғындарына тарату үшін ақпараттық брошюралар үлестірді. Акцияға қатысушылар «Черёмушки» ықшам ауданында рейд жүргізді. Бір сағат ішінде полицейлер мен олардың көмекшілері 15 есірткі граффитиін бояп жойды. Бұл жазуларда көрсетілген сілтемелер алдын ала жүргізілген жұмыстар аясында бұғатталған. Айта кетейік, өткен жылы полицейлер интернеттегі есірткі ресурстарына қатысты 1457 сілтемені бұғаттады. Есірткі құқықбұзушылықтарына қатысты кез келген ақпаратты тәулік бойы есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының 8 (7152) 39-41-93 сенім телефонына, +7-707-500-95-65 WhatsApp мессенджеріне немесе Instagram желісіндегі (@upndpsko) аккаунтының Direct бөліміне хабарлауға болады.