Қазақстандық сарбаздар Біріккен Ұлттар ұйымы аясында миссиялар басталғалы 700-ге жуық операцияны сәтті орындады. Қазір еліміздің 139 азаматы Голан жоталарында бітімгерлік қызметте жүр. Қазақстынның қорғаныс министрлігі осы аймаққа барып, миссияның басшысы Анита Асмамен кездесті. Ол бітімгерлердің даярлығын жоғары бағалады. Тапсырмаларды сапалы орындағанына тоқталып, сарбаздардың кәсібилігі мен тәртібін атап өтті. Жалпы, еліміздің қарулы күштері 2014 жылдан бері Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік қызметіне өз үлесін қосып келеді. 700-ге жуық әскери қызметші халықаралық ұйымның арнайы операцияларына қатысқан.
РИЗАТ ШАУАЛИЕВ, МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ВЗВОДЫНЫҢ КОМАНДИРІ