Петропавл қаласының орталық алаңында «Бұл махаббат» фильмінің дәстүрлі табағы сындырылды. Еске салайық, өңірде жаңа жылдық драмеди жанрындағы фильмнің түсірілімі жалғасып жатыр. Алматыдан келген шығармашылық топ махаббат тақырыбындағы толықметражды кинотуындымен жұмыс істеуде. Фильмнің премьерасы 2026 жылдың соңына жоспарланған.
Табақты сындыру – фильм түсірілімінің басталуын немесе аяқталуын білдіретін маңызды дәстүр. Бұл ырым сәттілік пен түсірілім тобының бірлігін бейнелейді. Фильм атауы мен шығармашылық топ мүшелерінің есімдері жазылған табақты камера штативіне соғып сындырады. Сенім бойынша, табақтың сынған бөліктері алдағы қиындықтарды өзіне алып, жұмыстың сәтті аяқталуына сеп болады. Салтанатты рәсім облыс әкімінің орынбасары Рахат Жұмағұловқа сеніп тапсырылды. Фильмге барлығы 20-ға жуық адам қатысуда. Олардың қатарында танымал актерлермен бірге, Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрының және Николай Погодин атындағы орыс драма театрының актерлері және өңірдің жас өнерпаздары да бар.
АЗАМАТ САТЫБАЛДЫ, АКТЕР