Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернатына биыл 90 жыл. Білім ордасы тоқсан жылдық тарихында мыңдаған жас ұрпаққа білім беріп, еліміздің талай болашақ ғалымдары мен өнер иелерін тәрбиелеп шығарған. Мектеп тарихы сонау 1935 жылдан бастау алады.

Әбу Досмұхамбетов атындағы облыстық дарынды балаларға мамандандырылған гимназия-интернаты Петропавлда ашылған тұңғыш қазақ мектебі. Алғашында мұнда 8 сынып жинақталып, шәкірттерге 6 мұғалім сабақ берген.

НҰРЖАН СЕЙІЛБЕКОВ – Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МУЗЕЙ ЖЕТЕКШІСІ

Қара шаңырақ 2021- 2022, 2022-2023 оқу жылдарында республика бойынша «Үздік жүз мектеп» қатарына еніп, «Дарын» орталығының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2023-2024 оқу жылында білім ордасы үздік мектептер қатарында 50-орынға жайғасты. Осы ретте мектеп оқушыларына сапалы білімді бойларына дарытып жүрген ұстаздардың үлесі қомақты. Солардың бірі – еңбек өтілі 30 жыл болған ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ира Шакаирова.

ИРА ШАКИРОВА – Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ МҰҒАЛІМІ

Бүгінде мектепте 492 оқушы білім алып, 60 ұстаз сабақ береді. Тоқсан жылдық тарихы бар білім ордасы бүгін де заман талабына сай дамып келеді. Гимназия-интернатта оқушылардың жан-жақты білім алып, шығармашылық қабілеттерін шыңдауы үшін барлық жағдай жасалған. Ұлттық құндылық пен заманауи білімді ұштастырған мектеп талай дарынды шәкірттің үлкен өмірге қанат қағуына жол ашты.

КУАНДЫК БЕКХУЖИН – Ә. ДОСМҰХАМБЕТОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРҒА МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ГИМНАЗИЯ-ИНТЕРНАТЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ, ИНФОРМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ

Білім мен тәрбие қатар жүретін гимназия-интернатта патриоттық рухқа, ұлттық санаға ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар тарихи тұлғалар мұрасын танып, мектеп қабырғасында өткен мен бүгінді сабақтастыра отырып, болашаққа нық қадам жасауда. Тамыры тереңге жайылған білім ордасы алдағы уақытта да ел болашағы саналатын дарынды жастарды тәрбиелеу ісін абыроймен жалғастыра бермек.