Бесінші Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, ел дамуына қатысты маңызды бағыттарды атап өткен болатын. Бұл Мемлекет басшысының бастамасымен төрт жыл бұрын құрылған құрылтайдың бесінші басқосуы. Ұлттық құрылтай елдегі мәдениет, әлеуметтік даму, саясат және экономика мәселелерін талқылап, шешімдер қабылдайтын қоғамдық алаң. Өзінің саяси маңызы жағынан ол Президенттің Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларымен үндеседі.
Құрылтайда Мемлекет басшысы қоғамға нақты бағдарламалар ұсынады. Ең бастысы міндеттер ғана қойылмай, оларды орындаудың нақты мерзімдері де белгіленеді. Жиында заң шығару билігін институционалды реформалау мәселесі кеңінен қаралды. Президент вице-президент лауазымын енгізу және бірқатар басқа да өзгерістерді жариялады. Сондай-ақ әлеуметтік және экологиялық мәселелер, патриотизм тақырыбы қозғалды.
ЮЛИЯ ПИСКУНОВА С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП -ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ БАС БИБЛИОГРАФЫ