Ұлттық құрылтай бүгінде ел дамуының басты стратегиялық бағыттары талқыланатын маңызды қоғамдық алаңға айналды. Осы уақытқа дейін құрылтайда әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, лудомания мен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған бірқатар маңызды бастамалар көтеріліп, олар нақты заңнамалық шешімдерге ұласты. Ал Ұлттық құрылтайдың V отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің болашағына тікелей әсер ететін бірқатар 

шешімдерді жариялады.

Мемлекет басшысы бір палаталы парламентке көшу туралы мәлімдеді. Президенттің айтуынша, парламенттік реформа бойынша жұмыс тобы алғашында 500 депутаттан тұратын бір палаталы парламент құруды ұсынған. Алайда талқылау нәтижесінде депутаттар санын оңтайландыру туралы шешім қабылданып, олардың саны қазіргі 148-дің орнына 145 болып бекітілді. Сонымен қатар жаңа Парламент құрылымында 8 комитет жұмыс істейтін болады.

СНХ: ИМАНҒАЛИ ТӘТВАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ