Облыс орталығында Ескендір Дәуітов атындағы қызмет көрсету саласы колледжінде «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында студенттермен кездесу өтті. Жиында жастарға алаяқтықтың кең таралған түрлері туралы ақпарат беріліп, оның салдары туралы түсіндірілді.
2025 жылғы 16 қыркүйектен бастап елімізде дропперлікке қатысты жаңа қылмыстық жауапкершілік заң жүзінде күшіне енді. Аталған бапқа сәйкес, кінәлі тұлғаларға 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Айта кетейік, жыл басынан бері өңірде осындай 10-нан астам дерек тіркелген. Ал өткен жылы 600-ден астам киберқылмыс орын алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 1 миллиард теңгеден асады.
СНХ: МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:
Іс -шараның негізгі мақсаты - студенттердің құқықтық және цифрлық мәдениетін нығайту. Сондай-ақ, қаржылық жауапкершілік түсінігін қалыптастыру және жастарды киберқылмыстық әрекеттерге тартудың алдын алу.
СНХ: АЛИНА МОРОЗОВА, СТУДЕНТ
Осындай маңызды кездесулер алдағы уақытта барлық білім беру ұйымдарында өтеді.