Петропавл қаласында «Закладчики. Мать» фильмінің жабық көрсетілімі өтті. Іс-шара «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті, прокуратура және жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе ұйымдастырылды. Бұл – солтүстікқазақстандық Закиржан Мамлютовтың есірткі мәселесіне арналған алғашқы туындысы емес, ол бұған дейін де осы мәселе төңірегінде фильм түсірген болатын.

Бұған дейін де осы тақырыптағы фильм көрермендер тарапынан үлкен сұранысқа ие болып, мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында, сондай-ақ жастар мен ата-аналармен кездесулерде көрсетілген. Картина есірткіні қолдану мен таратудың салдары туралы ашық диалогқа түрткі болды. Жаңа «Закладчики. Мать» фильмі де осы тақырыпты жалғастырып, отбасылық трагедия мен ересектердің жауапкершілігіне ерекше назар аударады. Авторлардың айтуынша, туынды алдағы уақытта да білім беру және әлеуметтік алаңдарда алдын алу материалы ретінде пайдаланылмақ. Фильмнің түсірілімі 2025 жылдың қыркүйек айында басталған.

СНХ: ЗАКИРЖАН МАМЛЮТОВ – ФИЛЬМ АВТОРЫ

Фильм авторының айтуынша, бұл туынды жас ұрпаққа осындай «табыс көзінің» екінші, көлеңкелі жағын және оның адам тағдыры мен отбасы үшін қандай ауыр салдарға әкелетінін көрсетуге бағытталған. Полиция өкілдерінің мәліметінше, 2025 жылы ғана Солтүстік Қазақстан облысында 200-ден астам есірткі қылмысы анықталған.

СНХ: АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ – СҚО ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Сондай-ақ солтүстікқазақстандықтар үшін қызметтік-іздестіру иттері, СОБР жауынгерлерінің арнайы құрал жарақтары қойылған көрме, сондай-ақ полицияның алдын алу және жедел қызметін таныстыратын фотокөрме ұйымдастырылды.