Оқушылар сарайы алғаш рет «Digital Urpaq» Премиясын ұйымдастырды. Салтанатты марапаттау рәсімінде балдық-рейтингтік жүйе қорытындысы бойынша қосымша білім берудің 11 бағыты аясында үздік орынбасарлар, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер, педагогтер мен білім алушылар марапатталды.
Оқушылар сарайында IT бағыты – робототехника, ғылыми-биологиялық, туристік-өлкетану, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, жаратылыстану-математикалық әскери-патриоттық үйірмелер, көркемсурет мектебі, спорттық секциялар жұмыс істейді. Жалпы 100-ден аса үйірме, 215 топта 3000-нан аса бала білім алып жатыр.
СНХ: ДИНА ӘБІЛМӘЖІНОВА, «DIGITAL URPAQ» ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Қосымша білім беруді дамытуға қосқан үлесі мен жыл қорытындысы бойынша қол жеткізген нәтижелері үшін үздік педагогтер СҚО Білім басқармасының, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім берудің оқу-әдістемелік орталығының, Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының, «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының, Оқушылар сарайының алғыс хаттарымен марапатталды. Марапатқа ие болғандардың қатарында «Асыл мұра» домбыра үйірмесінің жетекшісі Берік Сәбитұлы да бар.
СНХ: БЕРІК ЖАНАТОВ «АСЫЛ МҰРА» ДОМБЫРА ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шарада көрермендерге музыкалық нөмірлер ұсынылды. Бұл – жай ғана марапаттау емес, цифрлық дәуірдегі жетістіктердің, инновациялардың және командалық рухтың нағыз мерекесі болды.