Петропавлдағы С. Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында қала әкімі Серік Мұхамедиевтың қатысуымен ертеңгілік өтті. Мерекелік іс-шараны қала әкімдігі және білім,мәдениет спорт бөлімі бірлесіп ұйымдастырған. Салтанатты жиынға жүзден астам бала қатысты.

Мерекелік іс-шараға қала мектептерінің озат оқушылары, әлеуметтік осал санаттағы, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың балалары қатысты. театр залы бүгін ерекше безендіріліп, ертегі әлеміне айналды.

СНХ: ГҮЛБАРАМ ХАЙЫРЖАНОВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Балалар Аяз ата мен Ақшақарды шаттықпен қарсы алып, концерттік бағдарламаны тамашалады. Олар мереке күні сыйлықсыз қайтпады. Қала әкімі барлық балаға смарт-сағаттар мен тәтті сыйлықтар табыстады.

СНХ: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа жылдық ертеңгілікке барлығы 100 бала қатысты. Балдырғандар мейірім мен шаттыққа бөленіп, мерекелік кештен ерекше әсер алды.