Халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі уақтылы орындалуы - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басты назарында. Ведомство қазақстандықтардың өтініштерін жүйелі түрде қарап, бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге көмектеседі. Осы орайда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Агенттік департаментіне Қызылжар ауданының тұрғындары жүгінген. Оларды тұрғын үйді жекешелендіру мәселесінің ұзаққа созылуы алаңдатқан.
Департамент Қызылжар ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде ауданның тұрғын үй комиссиясы бірнеше ай бұрын мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген пәтерлерді жекешелендіруге рұқсат беру туралы шешім қабылдағаны анықталды.
СНХ: БОЛАТ ЕҢСЕГЕНОВ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ СҚО БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Бұл жағдай өз құқықтарын қорғаудың және уәкілетті органдарға дер кезінде жүгінудің маңыздылығын көрсетеді. Әрбір азамат мемлекеттік қызметтерді уақытылы әрі сапалы алуға құқылы. Айта кетейік, мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда азаматтар Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментке e-Otinish.gov.kz порталы, «EgovKzBot2.0» Telegram-боты арқылы немесе 36-01-62 телефонына хабарласу арқылы өтініш бере алады.