Биыл Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне тұтынушылардан 624 өтініш келіп түсті. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда артқан. «e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы 442 өтініш жолданған. Сондай-ақ Telegram-бот арқылы 67, жедел желі телефоны арқылы ауызша 65 өтініш қабылданып, 42 тұтынушы жеке қабылдауда болды.

Департамент тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп, азаматтарға жалпы сомасы 17 миллион 576 мың теңгеден астам қаражатты қайтаруға жәрдемдесті. Оның ішінде бөлшек сауда саласында – 16 миллион теңгеден астам, ал электрондық саудада – 939 мың теңгеден аса қаржы қайтарылды. Жүргізілген талдау нәтижесінде тұтынушылардың құқықтары ең жиі бұзылатын салалар ретінде бөлшек сауда, электрондық сауда және тұрмыстық қызмет көрсету салалары анықталды.

СНХ: ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІЛІГІ СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Егер мәселе шешілмесе, тұтынушы уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында Департамент үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауда орындарында ақпараттық акциялар ұйымдастырады. Бұл іс- шаралар сатушылар мен тұтынушыларға өз құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған.

аударма 164 3:08

СНХ: ҒАЛЫМЖАН АБАЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІЛІГІ СҚО БОЙЫНША САУДА ЖӘНЕ ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Әкімшілік кодекске сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген шекті сауда үстемесін асырған кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Айыппұл мөлшері кәсіпкерлік субъектісінің түріне байланысты: шағын бизнеске – 5 айлық есептік көрсеткіш, орта бизнеске – 35, ал ірі бизнеске – 150 айлық есептік көрсеткіш көлемінде.