Ішкі істер және төтенше жағдайлар министрліктері күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Мұндай тапсырманы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы кезінде Премьер-министр Олжас Бектенов жүктеді. Алдағы мереке қарсаңында ел бойынша барлығы 1 мыңға жуық бұқаралық іс-шара жоспарланған. Олардың басым бөлігі балалардың қатысуымен өтеді. Осыған байланысты жауапты ведомство өкілдері бірлесе қауіпсіздікке қажетті шараны қабылдап, тәулік бойы патрульдік және кезекші құрамның жұмысын ұйымдастыруы тиіс.