Мемлекет басшысы Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында аймақтағы фармацевтикалық кәсіпорындардың жұмысымен танысты.«Әмір және Д” компаниясы медициналық бұйымдардың 200-ден аса түрін шығарады. Оның ішінде әлеуметтік маңызы бар ауруларды диагностикалауға арналған жедел тестілердің көптеген түрі бар. Бұл өнімдер В және С гепатитін, ВИЧ-инфекциясын, миокард талмасын, сондай-ақ есірткі және психотропты заттарды анықтай алады. Зауытта 94 адам жұмыс істейді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Super-pharm» компаниясының жұмысы туралы ақпарат берілді. Бұл – елімізде медициналық бұйымдар өндіретін жетекші кәсіпорындардың бірі. Зауытта 600-ден аса еңбеккер жұмыс істейді. Компания отандық нарықтағы бір реттік қолдануға арналған медициналық бұйымдарға сұраныстың 30 пайызын қамтамасыз етеді. Президент отандық фармацевтика индустриясының дамуы импортқа тәуелділікті төмендетіп, ұлттық денсаулық сақтау жүйесін нығайтуда маңызды екенін атап өтті.

СНХ: ӘДІЛХАН ӘМІРХАНОВ «SUPER-PHARM» ЖШС ДИРЕКТОРЫ