Облыста желтоқсан айында «Пиротехника» атты жедел-профилактикалық іс-шара басталған болатын. Ол екі кезең бойынша жүзеге асырылатын болады. Бірінші кезең 5-12 желтоқсан аралығында өтті. Бұл кезеңде 5 әкімшілік құқық бұзушылық тіркеліп, 69 бірлік пиротехникалық зат тәркіленді. Аталған фактілер бойынша 245 мың 750 теңге айыппұл салынды және толық өндірілді. БАҚ пен интернет ресурстарында 24 жарияланым шықты.
«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасының екінші кезеңі 20 желтоқсан басталды. 3 қаңтарға дейін жалғасын табады. Бүгінгі күнге дейін 9 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 4334 бірлік пиротехникалық зат тәркіленді. 442 мың 350 теңге айыппұл салынды және өндірілді.
СНХ: БОЛАТ ОСПАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мерекелік іс-шаралар өткізілетін 622 аумақ тексеріліп, 522 өрт қауіпсіздігі талаптары бұзылғаны анықталған. Оның 510-ы түзетілді. Сонымен қатар, тұрғындар арасында алдын алу жұмыстары жүргізілді. 5 мыңнан астам ақпараттық материал таратылды, БАҚ-та теле және радио хабарламалар, әлеуметтік желілерде жарияланымдар жасалды.
СНХ: БОЛАТ ОСПАНОВ, СҚО ТЖД МЕМЛЕКЕТТІК ӨРТ ҚАДАҒАЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
Мамандар облыста пиротехникалық заттарды тек лицензиясы бар сату орындарынан ғана алған жөн дейді.