Облыстық перинаталдық орталық биыл өзінің 35 жылдық мерейтойын атап өтті. Осыған орай ұйымдастырылған салтанатты іс-шараға орталықтың қызметкерлері, осы мекемеде еңбек еткен зейнеткерлер, сондай-ақ ана мен баланы қорғау саласының мамандары мен бірқатар ұйым өкілдері қатысты.

1990 жылы облыста республикадағы алғашқы перинаталдық орталық ашылды. Осы уақыт ішінде мұнда 130 мыңнан астам рет аналарға босануға көмек көрсетілген. Бұл туралы облыстық перинаталдық орталықтың директоры Елена Калюжная мәлімдеді. Сондай-ақ, 35 жыл ішінде орталық ұжымы талай қиындық пен жауапты кезеңдерді бастан өткергенін атап өтті. Соның ішінде ерекше есте қалғаны – пандемияның екі жылы. Ковид кезеңінде ақ халатты жандар аналар мен жаңа туған шақалақтардың өмірін сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті.

СНХ: ЕЛЕНА КАЛЮЖНАЯ ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Мерейтой салтанатында ұзақ жылдар бойғы еңбегі үшін бірқатар қызметкер марапатталды. Солардың қатарында Людмила Решетняк та бар. Ол перинаталдық орталыққа 40 жасында келгенін айтып өтті.

СНХ: ЛЮДМИЛА РЕШЕТНЯК, АКУШЕР-ГИНЕКОЛОГ ДӘРІГЕР

Орталық үшін айтулы күні тағы бір сәбидің дүние келуі мерекенің мерейін асырып, көпшілікке ерекше әсер сыйлады. Жалпы, жыл басынан мұнда 4 мыңға жуық бала өмірге келді.