20 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында қар, бұрқасын, тұман, облыстың солтүстігінде, шығысында қалың қар күтіледі. ОБлыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Ал, 21 желтоқсанда түнде ауа температурасының 33-35 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.