Өңірде шығармашылық ұжымдарды ынталандыру, талантты орындаушыларды қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының көркемөнерпаздарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру рәсімі өткізілді. Облыстың қалалары мен аудандарынан 9 ұжым — театр, вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағытта өз өнерін ортаға салды.

«Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие болу және оны қорғап қалу құқығына тек шығармашылық додалар мен республикалық, халықаралық деңгейдегі фестивальдерге тұрақты қатысып, өзінің орындаушылық шеберлігімен жоғары шығармашылық деңгейге жеткен және кемінде 5 жыл сахнада өнер көрсеткен ұжымдар ғана ие бола алады.

СНХ: САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-БОС УАҚЫТ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ