Өңірде шығармашылық ұжымдарды ынталандыру, талантты орындаушыларды қолдау мақсатында Солтүстік Қазақстан облысының көркемөнерпаздарына «Халықтық» немесе «Үлгілі» атағын беру рәсімі өткізілді. Облыстың қалалары мен аудандарынан 9 ұжым — театр, вокалдық, аспаптық және хореографиялық бағытта өз өнерін ортаға салды.


«Халықтық» және «Үлгілі» атақтарына ие болу және оны қорғап қалу құқығына тек шығармашылық додалар мен республикалық, халықаралық деңгейдегі фестивальдерге тұрақты қатысып, өзінің орындаушылық шеберлігімен жоғары шығармашылық деңгейге жеткен және кемінде 5 жыл сахнада өнер көрсеткен ұжымдар ғана ие бола алады.


СНХР: САНДУҒАШ ЖОЛАМАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ МӘДЕНИ-БОС УАҚЫТ ҚЫЗМЕТІ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталмыш іс-шараны өздерінің театрландырылған қойылымымен ашқан «Жалын» театр студиясы Мамлют ауданының өнер мектебінен келіп отыр. Жас өнерпаздар сахналаған «Жалқаудың жыры» атты қойылым көрерменге жалқаулықтың зияны туралы ой салады.


СНХР: ГҮЛДАРИҒА БЕКТАЙ, ҚАТЫСУШЫ

Жалпы, облыс бойынша «Халықтық» және «Үлгілі» атағы бар 97 өнер ұжымы бар. Оның 76-сы «Халықтық», ал 21-і «Үлгілі» атағына ие.