Солтүстік Қазақстан облысындағы мектептерде оқушыларды сапалы тамақпен қамтамасыз ету мәселелері тұрақты бақылауда. Жалпы облыста 439 мектеп бар, онда 73 мыңнан астам оқушы білім алады. 16 мектеп-интернатта ас әзірлейтін арнайы аспаздар штаты бар, онда оқушылар күніне бес мезгіл тамақпен қамтылған.
Облыс бойынша 34323 оқушы оның ішінде ҚР Үкіметінің №64 қаулысына сәйкес әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан – 7485 оқушы, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – 25467 оқушы, шаруашылық субъектілері есебінен – 1371 оқушы, ал бастауыш сыныптарда 27789 тегін ыстық тамақпен қамтылған.
СНХР: ӘСЕЛ ОРАЗБАЕВА – СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ
Қызылжар ауданында 39 мектеп бар, онда 6800 оқушы білім алады. Бүгінгі күні 2800 оқушы 37 мектепте тегін тамақпен қамтылған. Ал 2 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс істейді, ол жерде де балалар тегін тамақтанады.
СНХР: АЛМА НҰРҒАЛИЕВА – ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Тегін тамақтандыру әлеуметтік әмиян арқылы жүзеге асырылады. Бұл жүйе ашықтықты қамтамасыз етеді, яғни ата-аналар баласының қашан және қандай тамақ ішкенін көре алады. Сондай-ақ бізде арнайы жүйе жұмыс істейді. Бұл тек тамақтандыруды ғана емес, оқушылардың мектепке келуін бақылауды да қамтиды.
Мектептерде тамақты ұйымдастыруға қойылатын талаптар толық сақталады. Оқушылар тамағының сапасын бақылауды күшейту мақсатында қамқоршылық кеңес өкілдері, ата-аналар комитеті, мектеп әкімшілігі және медицина қызметкері қатысатын мониторинг комиссиялары құрылған.
СНХР: АНЕЛЬ АХМЕТОВА – ПАРАСАТ МЕКТЕП ЛИЦЕЙІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГЫ
Комиссия мүшелері жеткізілетін азық-түліктің, дайындалған тағамдардың сапасы, технологиялық жабдықтардың болуы және жарамдылығы, азық-түлік пен дайын тағамдарды сақтау және жеткізу мерзімдері мен шарттарының сақталуы, балалар рационының күнделікті және мәзірге сәйкестігі, асхананың санитариялық жағдайына мониторинг жүргізеді. Комиссия жұмысының қорытындысы ай сайын ресімделіп, білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралады және орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында жарияланады.