Ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты былтырғыдан 4 млрд 700 миллион долларға дейін өсті. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту үшін биыл 25 мыңнан астам техника сатып алынды. Соның арқасында тозығы жеткен тракторлардың үлесі 90 пайыздан 70 пайызға дейін төмендеді. Президентсаланың тиімділігін арттыруға және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған бірқатар міндет жүктеді. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің екінші форумында берілген тапсырмаларды сапалы орындау қажет екеніне назар аударды.
СНХ АЙДАРБЕК САПАРОВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТР